03 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №46

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 2 ақпан, Астана қаласы «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12618 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында: 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 17-тармақ. Осы Қағиданың 15-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. СҰЛТАНОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 4 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13393 болып енгізілді.